29 ақпанда сағат он екіге (00:00) дейін Қазақстанда 803 сәби дүниеге келген. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оның ішінде екі егіз, 392 ұл және 411 қыз.
Тәуліктік туу бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Түркістанда 118 бала дүниеге келген. Ал екінші орында Алматы қаласы. Қалада 81 нәресте өмірге келген. Республиканың астанасында 79 сәби жалған есігін ашты.