4.03.2024, 22:00
Оқылды: 100

Батысқазақстандық Құралай кезекті жеңісіне қол жеткізді

Наурыз айының 1-3 күндері Өскемен қаласында «Өзін-өзі қорғау» және «Жекпе-жек» тәртіптері бойынша әйелдер мен ерлар арасында қоян-қолтық ұрысынан Қазақстан Республикасы кубогі өтті. Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитетінің ұйымдастыруымен өткен сайысқа еліміздің әр өңірінен 220-дан астам балуан 8 салмақ дәрежесінде қатысты.

IMG-20240304-WA0102

Ерлер мен әйелдер арасында қоян-қолтық ұрыстың жекпе-жек түрінен ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының Кубогына Батыс Қазақстан облысы ПД ЖҚАЖ полиция қызметкері Құралай Қабырайқызы 53 келілік салмақ дәрежесінде қатысып, жүлделі І орынды иеленді.

Бұл ержүрек қыздың алғашқы жеңісі емес. Бұған дейін де ұйымдастырылған халықаралық және республикалық жарыстардың қола, күміс және алтын иегері.

InShot_20240304_201907102

Сайыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте бірінші орынды ҚР Ішкі істер министрлігінің командасы, екінші орынды ҚР «Динамо» дене шынықтыру және спорт қоғамдастығы командасы, үшінші орынды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті командасы иеленді.

Бұл кубок Ұланбатыр қаласында (Моңғолия республикасы) өтетін халықаралық турнирге қатысатын Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының жасақтауға арналған іріктеу жарысы.

БҚО ПД Баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале