5.03.2024, 0:00
Оқылды: 60

Қаратөбеде комиссия отырысы өтті

Бүгін аудандық мәслихаттың мәжіліс залында Қаратөбе аудандық мәслихатының Әлеуметтік мәселелер мен гендерлік саясат, үкіметтік емес ұйымдармен байланыс жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.

Мәслихат отырысы

Комиссия отырысын аудандық мәслихатының Әлеуметтік мәселелер мен гендерлік саясат, үкіметтік емес ұйымдармен байланыс жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Самат Абденов жүргізді.

Отырыстың күн тәртібінде екі мәселе қаралды.

«Бөлінген қаражаттар шеңберінде сапалы және қолжетімді медициналық көмекті ұйымдастыру туралы» – аудандық орталықтындырылған аурухананың директоры Ербол Меңдіғалиевтің, «Аудандық психологиялық - педагогикалық түзеу кабинетінің 2023 жылы атқарылған жұмыстары туралы» мекеме басшысы Айбек Зейнулинің хабарламалары тыңдалды.

– Бүгінгі күні ауданымызда денсаулық сақтау жүйесінде 18 медициналық нысан, атап айтқанда, 35 кереуеттік стационар, 61 кереуеттік күндізгі стационар мен емхана, 5 дәрігерлік амбулатория, 3 фельдшер - акушерлік пункт, 9 медициналық пункт жұмыс істеуде.

Мәслихат отырыс 3

Аудандық денсаулық сақтау саласына 2023 жылы 977,8 млн. теңге қаражат бөлінсе, ағымдағы жылы 1,15млрд теңге бөлінді.

Аудан бойынша медициналық техникамен жарақтандырылу деңгейі 92,13%, алайда тозу көрсеткіші жоғары - 86,5%.

Қаратөбе ауданында медициналық ұйымдардың жабдықталу деңгейін жоғарлату мақсатында өткен жылы бюджеттен 115,0 млн.теңге бөлініп, 4 санитарлық аутомобиль, 1 жеңіл аутомобиль және қажетті медициналық құрал – жабдықтар сатып алынды. Ағымдағы жылы аудан әкімдігінен жұмысқа орналасқан мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 3 қызметтік пәтер бөлініп мамандарға берілді, қалған қызметтік пәтер қазіргі уақытта мамандарды жұмысқа тарту мақсатында жүргізіліп жатырған жұмыстарға байланысты жұмысқа келетін мамандарға беріледі. Сонымен қатар әлеуметтік қолдау мақсатында 2 дәрігерге облыстық маслихат сессиясының шешімі негізінде 2,5 млн.теңге көлемінде бір реттік қайтарымсыз көтермеақы берілді, – дейді Ербол Қуанышұлы.

Ербол Қуанышұлының айтуынша 2023-2024 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша ана өлім-жітімі, сәби, 0-5 жасқа дейінгі бала өлімі, туберкулезден болатын өлім тіркелмеген.

Қатерлі ісіктен болатын өлім былтырғы жылмен салыстырғанда 0,3%-ға төмендеген.

Туберкулезбен сырқаттанушылық өткен жылдың қаңтар айында - 1 жағдай тіркелген болса, биылғы жылдың қаңтар айында – тіркелмеген.

Қатерлі ісіктен сырқаттанушылық 2022жылдың қаңтар айында - 2 жағдайдай тіркелсе, 2024жылдың қаңтар айында - 1 жағдай тіркеліп, төмендеген.

Жарақаттар мен уланулардан өлім-жітім 2023ж. қаңтар айында - 1 жағдай тіркелген. Ағымдағы жылдың қаңтар айында тіркелмеген. 7,3%-ға, төмендеген.

Өкінішке орай, кейбір көрсеткіштерде өсім бар. Қан айналым жүйесінен сырқаттанушылық 18,7%-ға жоғарлаған, 2023ж. қаңтар айында - 8 жағдайдан, 2024ж. қаңтар айында - 11 жағдайға жоғарлаған.

Қан айналым жүйесінен болатын өлім көрсеткіші былтырғы жылмен салыстырғанда 6,4%-ға, (2023ж. қаңтар айында- 2 жағдайдан, 2024ж. қаңтар айында - 3 жағдайға) көбейген.

29.02.2024 жылғы жағдай бойынша Қаратөбе аудандық отбасының сандық картасы платформасында 1822 адам сақтандырылмаған. Мәртебесін анықтау мақсатында жүргізілген жұмыстар нәтижесінде қызметкерлер- 916, келісімшарт бойынша кіріс алатын ЖК - 104, біраңғай төлем жүйесі арқылы төлеуші - 417, жеке кәсіпкер -146, өзін-өзі төлеуші - 88, жұмыс істемейтіндер – 151.

Қазіргі уақытта штаб құрылып, барлық елді мекендердегі тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

Осы мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру жүйесі жұмысына қатысты аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Құмарұлы, «Аmanat» партиясы аудандық филиалының төрағасы Абат Кәрімұлы Егіндікөл ауылындағы дәрігерлік амбулаторияны жедел жәрдем көлігімен қамту қажеттігін алға тартты. Ауданның бас дәрігері Ербол Қуанышұлы биыл үш округ орталығындағы дәрігерлік амбулаториялардың жедел жәрдем көлігімен қамтылатыны жоспарланғанын, отырыста айтылған мәселелер мен ұсыныстар бойынша жұмыстанатынын жеткізді.

Мәслихат отырыс 2

Екінші мәселе бойынша баланың психофизикалық даму деңгейін командалық бағалау арқылы кешенді зерделеу және баланың психологиялық, түзеу-педагогикалық және әлеуметтік көмекке деген мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін анықтау, сөйлеу, көру, есту қабілеті, тірек-қимыл қоғалысы аппараты, эмоциялық-еріктік саласы бұзылған, оқуында, қарым-қатынас жасауында, мінез-құлқында қиыншылықтар бар балалар мен жасөспірімдерге психологиялық-педагогикалық түзеу және оңалту түрінде кешенді көмек көрсететін аудандық «Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» директорының міндетін атқарушы Дана Абдрахманова атқарылған жұмыстарды тізбектеп, қазіргі таңда мекемеде логопед, дефектолог, психолог кабинеттері және ойын залы мен психологиялық босаңсу бөлмесі, жаттығу залдарының қызмет көрсететінін айтты. Аталмыш бөлмелер мен жаттығу залы толықтай арнайы дидактикалық материалдармен, компьютерлермен, ойыншықтармен, құм терапиясымен және тағы басқа да құрал-жабдықтармен жабдықталғанын, мамандардың балалармен жұмыс жүргізуіне толықтай мүмкіншілік жасалғанын тілге тиек етті. Аудандық мәслихаттың төрағасы, депутат Нұрлан Меңдешов хабарламашы Дана Абдрахмановаға: «Өткен жылдары сіздердің қамқорлығықтарыңызда қызмет көрестілетін бала саны 30 болатын, биыл қызметті қажет ететін 18 бала бар. Бала саны неліктен төмендеп кетті? деген сауал қойды. Д.Абдрахманова «Қазір мектептерде балаларға көмек көрсететін тиісті мамандардың болуы себепті түзету кабинетінде балалар саны кеміп отыр» - деп жауап берді.

                                                                           Ерболат Райсов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале