Фото: kazsports.kz
Азия хоккей федерациясы (AHF) ұйымдастырған биылғы бәсекеде ерлер арасында Қазақстан, Қырғызстан, Оман, Тәжікстан, Өзбекстан командалары сынға түсті. Ал әйелдер арасында Қазақстан, Оман, Тәжікстан, Өзбекстан құрамалары кім мықтыны анықтады.
Нұржан Бейбітов баптайтын еліміздің әйелдер құрамасы алғашқы ойында Тәжікстанды 13-1 есебімен ойсырата жеңді. Сосын, Өзбекстан хоккейшілерімен тең түскен (1-1). Ал жарыс қожайындарымен болған екінші матчта Ұлттық құрама 2-1 есебімен жеңіп, топ жарды. Қазақстанға Виктория Ляпинаның дублі шешуші кездесуде бас жүлде алып келді.