Ақмола облысы Щучинск қаласында биатлоннан 2009-2013 жылдары туған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр.
«GRAND TOUR BIATHLON» аталатын бәсекенің алғашқы жарыс күнінде 2011-2013 жылдары туған ұлдар кім мықтыны анықтады. Аталмыш сайыстың спринт жарысында облыс намысын Бөрлі ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің оқушысы Арын Тәжібаев қорғады. Екі шақырым 800 метр қашықтықты 8 минут 59 секундта бағындырған Арын ел чемпионы атанды.
Жас жаттықтырушы Ислам Сағынәлиев баптайтын Бөрлі ауданының мерген шаңғышылары енді жекелей сында бақ сынайды.
– Арыннан бөлек, 2011-2013 жылдары туған қыздар жарысында екі оқушым бақ сынады. Лейла Мұқатова бесінші, Анастасия Соколова сегізінші орын иеленді. Жарыс нәтижесіне көңілім толады. Бірақ мұнымен тоқтап қалмаймыз, – дейді бапкер Ислам Сағынәлиев.
Түгелбай Бисен,
zhaikpress.kz