5.03.2024, 16:15
Оқылды: 47

Арын Тәжібаев екі дүркін ел чемионы атағына қол жеткізді

Осыған дейін Ақмола облысы Щучинск қаласында өтіп жатқан «GRAND TOUR BIATHLON» аталатын жасөспірімдер арасындағы ел чемпионатында бөрлілік Арын Тәжібаев спринт жарысында жеңімпаз атанғанын жазған едік.

9df7d1a8-da63-4c74-8d62-2f7fc7303b28

Бүгін балғын биатлоншылар жекелей сында ел біріншілігінің медальдарын сарапқа салды. 2011-2013 жылғы спортшылар арасында жарысқа түскен Арын 4 шақырым 200 метр қашықтықты 13 минут 39 секундта бағындырып, екі дүркін ел чемионы атағына қол жеткізді.

Одан бөлек осы жастағы қыздар да ел чемпионы атағын сарапқа салды. Бұл сында бір күн бұрын бесінші орынға тұрақтаған Ләйлә Мұқатова намысқа тырысып, үздіктер қатарына ілікті. 4200 метр қашықтықты 14 минут 57 секундта жүріп өткен Ләйлә ел чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале