Шыңғырлау аудандық орталық кітапханасында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Әйел ару - әйел ән» атты әдеби-сазды альянс ұйымдастырылды.
Шара қонақтарының қатарында кітапхана ардагерлері, мәдениет саласының ардагері А. Сұлтанғалиев, мәдениет бөлімінің басшысы О. Сейтимов, «AMANAT» партиясы Шыңғырлау аудандақ филиалының төрағасы А. Таганиязов және кітапхана оқырманы болды.
Әдеби альянс «Ана» әнімен ашылып, жас оқырмандар «Анама», М.Мақатаевтың «Ана» өлеңдерін мәнерлеп оқып берді. Мәдениет саласының ардагері А.Сұлтанғалиев «Ана туралы жыр», аудандық саз мектебінің оқушысы Задыгер Сұлужан Махамбеттің термесі және «Ақжайығым» әндерін шырқап, қатысушыларға мерекелік көңіл күй сыйлады.
Көп жылдар бойы кітапхана саласында еңбек еткен ардагер апаларымыз мерекелік лебіздерін білдіріп, тілектерін айтты.
Оқырман назарына «Әлем сұлу әйелмен» кітап көрмесіне шолу жасалды. Әсем де әсерлі кешті кітапхана директоры Гүлмира Бердегалиева қорытындылап келген қонақтарға алғысын білдірді.
Гүлбаршын Айжарықова,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz