6.03.2024, 15:15
Оқылды: 8

Елордада әлемнің үздік жас биологтары бақ сынайды

 Астанада 7-14 шілде күндері оқушылар арасында биологиядан ең беделді халықаралық олимпиада IBO-2024 өтеді. Үздік биолог атағы үшін әлемнің 80 елінен 330 жас бақ сынайды. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
msg-1001309508988-9333
Фото: t.me/oqu_agartu

❔
IBO-2024 теориялық және практикалық екі кезеңнен тұрады. Олар ғылымның негізгі салаларындағы сұрақтарды қамтиды. Бұл жасушалық және молекулалық биология, жануарлар мен адамдардың анатомиясы мен физиологиясы, генетика, эволюция, экология және тағы басқасы.
- 2024 жылы 35-ші рет ұйымдастырылғалы отырған әлемдік дода Астанада өтеді. Мұндай шешімді Халықаралық ұйымдастыру комитеті қабылдады. Бұл Қазақстанның әлемдік білім беру жүйесінің кеңістігіне сәтті қадамы, - деп атап өтті «Дарын» РҒПО директоры Ғаждембек Тұрсынов.💡
Аталмыш халықаралық биология олимпиадасы оқушылар үшін өздерінің зияткерлік әлеуетін ашуға және әлемдік аренада өз білімдерін көрсетуге тамаша мүмкіндік.
🔄

NU базасында ұйымдастырылатын олимпиадада қатысушылар мен жетекшілер арнайы кәсіби білім және тәжірибе алмасады. Олимпиада мәселелерін талқылау үшін семинарлар мен конференциялар жоспарланған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале