6.03.2024, 12:45
Оқылды: 256

Қазақ тарихының атасы кім?

Ол шамамен 1499-1551 жылдары өмір сүрген тұңғыш қазақ-моғол тарихшысы. Моғолстан және моғол хандары жайлы тұңғыш мәлімет беруші ғалым. Сондай-ақ қазақ хандығының қашан және қалай құрылғандығы мен кімдер құрғанын тұңғыш жазған тарихшы болатын.

жп дала

     Сол кездегі білім тілі парсы тілінде Орта Азия халықтарының ХІІІ-ХVІ ғасырлардағы тарихи оқиғаларынан өзі көрген, куәсі болған жайттарды баяндайтын атақты «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегін жазды.

    Аталған еңбекте Моғолстан ханы Есенбұғаның билікке таласар тұстарын сөз етіп, «Дешті Қыпшақ әміршісі Әбілхайырдан көп қысым көрген Жәнібек пен Керей одан бөлініп, Моғолстандағы Шудың бойындағы Қозыбасыға келді, оларды Есенбұға қарсы алды» деп жазады.

    Ғалым: «Олардың ұзын саны жүз мыңға жетті және оларды өзбек-қазақ деп атай бастады. Қазақ сұлтандарының билік құра бастауы 870 (1465) жылдан басталады. Бірақ оны алла бізден артық біледі» деп жазады.

    Бүгіндері зерттеушілер М. Дулатидың еңбегін жоғары бағалап, оны «Қазақ тарихының атасы» және «Қазақтың тұңғыш тарихшысы» деп зор құрметпен атайды.

                                           Зұлқожа Шарафутдинов,

 zhaikpress. kz

       («Қазақтар». Энциклопедиялық анықтамалық. А. 2003 жыл)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале