6.03.2024, 23:54
Оқылды: 60

Бөкейлік ақ жаулықты аналарға құрмет көрсетілді 

8 наурыз – көктеммен бірге келетін жылулықтың, әдеміліктің, сұлулықтың, символы болған ақ жаулықты аналарымыз бен аяулы аруларымыздың халықаралық мерекесі. Осы орайда Бөкей ордасы ауданы әкімі Нұрлыбек Даумов, мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева, ардагерлер қоғамының төрағасы Тілеген Арыстанбеков, "Луч добра" славяндық этно-мәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дмитрий Семилиди, этнос өкілдерінің ішкі саясаттың бастығы Аслан Бижановтар Мінәш Нұрғалиева, Бақыт Әженова, Людмила Березина, Анна Марченко, Валентина Кандилиди сияқты ардақты аналарымыздың үйлеріне арнайы барып мерекемен құттықтап, сый-сияпат көрсетті.

IMG-20240306-WA0085

Аналарымыз жастайынан еңбек етіп, әр салада ұзақ жылдар жұмыс жасап, ауданымыздың дамуы мен өркендеуіне, ұрпақ тәрбиесіне өз үлестерін қосқан.

IMG-20240306-WA0084

Аудан әкімі Нұрлыбек Жасқайратұлы өз сөзінде “Қарттарымыз қазынамыз. Біз әрдайым сіздердің еткен еңбектеріңіз бен ел үшін жасаған қызметтеріңізді жадымыздан шығармаймыз. Сіздердің өмір жолдарыңызды әрдайым бүгінгі буынға өнеге етіп келеміз. Бүгінгі өздеріңіз арқылы барша ауданның ақжаулықты аналары мен қыз-келіншектерді мерекемен құттықтаудамыз”, - деді.

IMG-20240306-WA0083

Ақ жаулықты аналар көктемнің шуақты мейрамымен арнайы құттықтай келген азаматтарға алғыстарын жаудырды. Мереке иелерінің ең үлкені 96 жастағы Мінәш әжеміз мерекемен құттықтап барған азаматтардың еңбегіне жеміс тілесе, 95 жастағы Бақыт әжеміз ақ батасын берді.

IMG-20240306-WA0087

IMG-20240306-WA0086

Ару Айдын,

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале