8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында Шыңғырлау ауданы әкімі Мұрат Өмірәлиев ерекше балаларды тәрбиелеп отырған аналарды қабылдады.
Қоғамның жылы көзқарасы, мейірімі, қабылдауы қажет балалар мен ата-аналарына көрсетілетін мемлекеттік қолдаулар, мүмкіндік жөнінде тиісті мемлекеттік органдар мамандары хабарламалар жасаса, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары аналарға мерекелік көңіл күй сыйлады.
Ерекше ұрпақ тәрбиелеп отырған батыр аналар өздеріне көрсетілген құрмет үшін ризашылықтарын білдірді.
Әсел Әлім,
Шыңғырлау ауданы