7.03.2024, 18:46
Оқылды: 106

БҚО-ның танымал қыз-келіншектері марапатталды

Өңірдің танымал қыз-келіншектері марапатталды.
«Халықаралы әйелдер күні» мерекесі қарсаңында облыс әкімі Нариман Төреғалиев облыстың танымал қыз-келіншектерімен кездесті.

IMG-20240307-WA0140

— Құрметті ақ жаулықты әжелер, ару аналар, қыз-келіншектер! Сіздерді көктемнің шуақты датасы 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінгі тіршіліктің, жарық дүниенің, бақытты өмірі әйел-ананың аялы алақанында. Адамзат баласына тән сүйіспеншілік пен іңкәрліктің, сұлулық пен махаббаттың, қайырымдылық пен ақылдылықтың бар болмысын бір бойына сіңіре білген ақ пейілді, дархан жүректі нәзік жандарға арналған мереке табиғаттың оянуымен бірге келуі де бекер емес. Ана – тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуағы, мейірімнің кәусар бұлағы. Ана сүтімен барша халықтың рухы, арман-үміті, тілі мен тарихы, салт-дәстүрі, әдебиеті мен мәдениеті жас ұрпақ бойына дариды. Қазіргі қоғамда әйелдер отбасының береке-бірлігін ойлайтын отана ғана емес, мемлекетіміздің өркендеуіне және саяси-әлеуметтік, мәдени мәселелеріне белсене араласа алатын жан. Көпбалалы аналар, дәрігерлер мен мұғалімдер, мәдениет пен спорт қайраткерлері, бизнес өкілдері, әскери адамдар, журналистер – барлығы да қоғамымыздың негізгі құндылықтары – бірлікті, жасампаздық пен тұрақтылықты нығайта отырып, мемлекетіміздің сенімді тірегі бола білді. Жандарыңыз нәзік болса да, бізге күш - қуат, рух, жаңа бастамаларымызға шабыт беретін биік тұлғасыздар. Жан-жағына шуақ шашып, айналаны нұрға бөлеп, әлемді бағындырып, сіздермен бірге егемен елімізді одан әрі көркейту, оның әл-ауқатын жақсарту жолында жұмыстанамыз. Құрметті ақ жаулықты әжелер, ардақты аналар, қаракөз қарындастар! Бүгінгідей әсемдік пен сұлулық мерекесі күні сіздерге және жанұяларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға құт-береке тілеймін! Мейірімге толы жүректеріңіз бақыт ләззатына, қуаныш пен шаттыққа бөлене берсін, — деді облыс әкімі.

IMG-20240307-WA0139
Одан соң Нариман Төреғалиұлы ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері БҚО-ның құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері Ақұштап Бақтыгереева, «Балзия» ЖШС-ның директоры Балзия Евнеева, білім саласының үздігі Светлана Бисембаева, «Конденсат» АҚ-ның бас директоры Нұрия Мүфтиева және Теректі ауданының әкімі Әлия Мұхамбетжановаға Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын табысталды. Мерекелік кездесу барысында БҚО-ның іскер әйелдер кеңесінің төрағасы, Орал қаласының «Құрметті азаматы» Ляна Тұрсынова мен «Тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы» басшысының орынбасары Мариэтта Давлетиярова ҚР Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасы Аида Балаеваның алғысхатымен марапатталды.

IMG-20240307-WA0141
Жиында өңірдің қыз-келіншектерінің атынан сөз алған Ақұштап Бақтыгереева әр мереке сайын ел дамуына өз үлесін қосқан қыз-келіншектер мен әйел-аналарды ұмытай еңбегіне лайықты бағасын беретін ел президенті мен, өңір басшылығына алғыс білдірді.

IMG-20240307-WA0142

Мерекелік шарада облыстың дамуына үлес қосқан, түрлі салада жетістікке жеткен әйелдер облыс әкімінің алғысхатымен марапатталды.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале