8.03.2024, 14:47
Оқылды: 49

Халықаралық әйелдер күні: Қаратөбе ауданында мерекелік шара өтті

Көктем мерекесінің жайма шуақ күндерімен тұспа-тұс келетін 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай Ғ.Құрманғалиев атындағы Қаратөбе аудандық мәдени-демалыс орталығында «Адамзаттың асылы – Ана» тақырыбында мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

IMG_4131

Мерекелік кеште құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлы:

11

– Әйелдер – әлемге мейірім мен жаңа өмір сыйлаушы нәзік жан иелері. Әрбір шаңырақтың шаттығын жарастырып отырған аяулы жандарға зор құрмет көрсету – қай ұрпақтың да перзенттік парызы болып қала бермек. «Ер – елдің иесі, әйел – үйдің киесі» дегендей отбасындағы береке-бірлікке, өмірдегі әсемдік пен нәзіктікке жолбасшы бола жүріп, айналасына инабаттылықтың нұрын сепкен аналарымыз қашанда құрметке лайық. Бүгінгі күні нәзік жандылар еліміздің экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани салаларында белсенділік танытып, Тәуелсіздіктің тұғырлы болуы мен өркендеуіне зор үлестерін қосып жүр. Ауданымыздың білім мен денсаулық, мәдениет пен әлеуметтік салаларының негізгі жүгін әйелдер қауымы көтеріп отыр. Олар сонымен қатар шағын кәсіпкерлік саласында да, ауыл шаруашылығын дамытуда елеулі жетістіктерге жетіп жүр. Әр отбасының береке-бірлігін қалыптастырып, халқымыздың дәстүрі мен салтын, оның мәдениеті мен тарихын, тілін қадірлеуді ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келе жатқан Сіздерге шынайы ризашылық сезімімізді білдіреміз, - деп нәзікжандылардың ерен еңбектерін де атап өтті.

1111

Салтанатты шарада ҚР Президентінің 2024 жылғы 19 ақпандағы №484 Жарлығына сай алты бала дүниенге әкеліп, тәрбиелегені үшін қаратөбелік Тәттігүл Байниязова, Айымгүл Қожиева және Қоскөл ауылының тұрғыны Айымгүл Серікқали «Күміс алқамен» наградталды. Сонымен қатар, «АMANAT» партиясы саяси кеңесі бюросының қаулысына сай «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен Сулыкөл ауылдық дәрігерлік амбулаториясының меңгерушісі Гүлмира Кеңесқызы марапатталса, БҚО Қоғамдық даму басқармасы басшысының алғыс хаты жеке кәсіпкер Кәмшат Тілекқабылқызы, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының психолог маманы Динара Қайырлықызына табысталды.

Изображение WhatsApp 2024-03-08 в 14.41.55_6364f556

Ауданымыздың әр саласында қызмет етіп жүрген аруларға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздарының орындауында «Бозторғай ана», «Ана мен қыз», «Тыңда», «Беймәлім қыз», «Ана», «Жан жарым», «Ханшайым», «Я буду руки твои целовать», «Мама», «Гүл сыйлайық әйелге» әндері шырқалды.

12

3

Серікбай Хасанов,

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале