9.03.2024, 12:00
Оқылды: 68

Бөрлі ауданы әкімі: «Аналар кеңесінің қоғамдағы рөлі зор»

Көктемнің шуақты мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Бөрлі ауданында бірқатар мәдени шара өтті. Соның ішінде аудан басшысы Еркебұлан Ихсанов алдымен аудандық аналар кеңесімен кездесті.

655b59df-99b1-4e9c-a062-bd70decc3905

Дөңгелек үстелге жиналған қонақтар еркін форматта тілдесіп, шай үстіндегі шырайлы әңгімеге өрбіді. Кездесудің алғысөзін алған Еркебұлан Нұретдинұлы Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ұйымдастырылып отырған кездесуде аналар кеңесінің мүшелерімен кездескеніне қуанышты екенін жеткізіп, мерейлі мерекемен құттықтады.

«Халқымызда «Ананың сүйген жері - отқа күймейді, оқ та тимейді» деген бар. Себебі, әйел-аналар барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тірліктің қайнар бұлағы. Ана - өмірдің гүлі, тіршіліктің нұры, мейірім мен ізгіліктің жаршысы, дейміз.

c6bd258c-99a3-4e5e-b5f3-4237ae51db34

Бүгін, мереке қарсаңында ауданымыздағы аналар кеңесінің мүшелерімен, ауылдық кеңестердің төрайымдарымен кездесіп, өздеріңізге мерекелік көңіл-күй сыйлап, құрмет көрсету, ой-пікірлеріңізді тыңдау мақсатында жиналып отырмыз», − деп аудан басшысы кездесу шымылдығын ашып берді.

Кездесуде сондай-ақ денсаулық сақтау, ауылдық округтер кеңесінің бірқатар мүшелеріне «Алғыс хат», қатысушы барша нәзікжандыларға гүл шоқтары мен арнайы сыйлық табысталды. Дөңгелек үстелге қатысушы жандар да аудан әкіміне өз ұсыныс-тілектерін, жаңа жобаларға деген пікірлерін жеткізді. Шара соңында барша азаматшалар естелік суретке түсіп, ән айтылды.

Аслан Нұразғали,

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале