8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының қатысушылары, бүгінгі күні Алматы қаласында тұратын Батыс Қазақстан облысынан шыққан батыр апаларымызмен кездесті.
Ихласова Ақкүміс Қапсиыққызы – "Алматы Желтоқсан" қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы, Серікбаева Светлана Жұмағазықызы – "Алматы Желтоқсан" қоғамдық бірлестігінің мүшесі, Иманғалиева Бақтылы Кеңесқызы – "Алматы Желтоқсан" қоғамдық бірлестігінің мүшесі, Махсотова Күнзила Қабиқызы – "Батыс-Желтоқсан "қоғамдық бірлестігінің төрайымы.
Кездесу барысында еліміздегі, өңіріміздегі мәселелер талқыланды. Қонақтар облысымыздағы жүзеге асырылып отырған "Қаладан ауылға" бағдарламасына қызығушылық танытты. Соңында облыс әкімі жерлес батыр апаларымызды мерекемен құттықтап,гүл шоқтарын табыс етті.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі