9.03.2024, 17:30
Оқылды: 48

Сайлауда 30 жыл еңбек еткен жәнібектік ардагерге құрмет көрсетілді

Жәнібек ауданының һәм кәсіпкерліктің дамуына біраз жыл қажырлы еңбегімен үлес қосқан жандар көп. Соның бірі – Жәнібек ауданының құрметті ардагері Бәтима Масанова.  Оны ауыл жұрты кәсіпкер, медиатор әрі кең жүректі батыр ана ретінде жақсы таниды. Сонымен қатар Бәтима Меңдешқызы – елімізде сайлаудың әділ және жоғары деңгейде өтуіне еңбегі сіңген, өз үлесін қосып келген жан. Ол аудандағы №140 сайлау учаскесінде отыз жыл бойы қызмет жасаған.

FB_IMG_1709905717889

Жәнібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жарқын Хайырлиев пен хатшысы Гүлмира Есниязова 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесінің қарсаңында Бәтима Масанованы құттықтап, естелік сыйлығын табыстады. Қазіргі таңда немере-шөберелерінің қызығын көріп, бақытты әже атанған жанға Жарқын Ғиниятұлы отбасы амандығы мен денінің саулығын тілеп, жылы лебізін білдірді.

2

Ясина Нұрболат,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале