8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай "Ақбастау" жастар қоғамдық бірлестігі мен Жәнібек аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың қызметкерлері «Гүл сыйлайық анаға» акциясын ұйымдастырды.
Көшеден өтіп бара жатқан аруларға гүл ұсынып, көңілдерін көтерді. Бірлестік төрағасы Нұрлыхан Кәрімов пен орталық директоры Мөлдір Әбдірешева демеушілік көрсеткен кәсіпкер Майгүл Наурызәлиеваға алғысын айтты.
Әлібек Қаржау,
Жәнібек ауданы