7.09.2016, 12:55
Оқылды: 96

Арқа төсіндегі ару қала Астанаға саяхат

бейбтшлкСарайЖаз айында аудан оқушылары жетекшіміз Райгүл және Жантас ағаймен бірге еліміздің бас қаласы Астанаға саяхаттап барып келдік. Бәріміз жайдарлы көңіл күймен Астана қаласына жол тарттық. Біз көптеген әсем ғимараттарды аралап, экскурсия жасадық. Біздің экскурсия жетекшіміз Абай ағай болды. Ол кісі біз білмейтін Астана туралы көптеген қызықты мағлұматтарды айтып берді. Астана қаласында Жантас ағайдың туған күніне байланысты арқан тартыс ойыны ұйымдастырылды.


Астанадағы күндеріміз өте қызықты өтті. Есіл өзенінің сол жағалауында орналасқан «Думан» ойын-сауық орталығына барып, «Мұхит аралын»  тамашалап,  ондағы акулаларды, алабұғы, тәкәппар губандар, коралл трауттары мен  өзге де балықтардың түрлерін көріп, джунглиде кішігірім шоу тамашалап, уақыттың қалай өте шыққанын сезбей қалдық.

Одан кейін  «Бәйтерек» монументіне, «Бейбітшілік пен келісім сарайына», «Ұлттық Әскери Назарбаев» музейіне, Назарбаев саябағына, «Хан Шатырға» барып, тамашаладық. «Бәйтерек» кешені Астананың символы іспеттес. Ол - әсем Елордамызға келген қонақтардың ең алғаш келетін жері. Біз де бәйтерекке барып, құрылысымен таныстық. Бәйтеректің жоғарғы қабатынан дүние жүзіндегі он жеті дін басының қолы мраморға түсірілгенін көріп, Елбасымыздың алақан ізіне қолымызды қойып, арманымызды айттық. Биіктен қала көркін тамашаладық. Одан кейін Астана күніне орай қытайлар салып жатырған субұрқақты тамашалап, ерекше әсерге бөлендік.

Елордамыз көркімен де, келбетімен де әлемнің атақты қалаларымен терезесін теңестіріп тұр. Астана-ғажайып құрылыс алаңы. Көзді ашып жұмғанша әсем қала Астанаға саяхатымыз қалай өтіп кеткенін де сезбей қалдық. Кетер кезде Астанамен қимай қоштастық. Бізге осында көңіл күй сыйлап, әр баланың арманы Астана қаласына жіберген аудандық білім бөліміне және жетекшілерімізге алғысымыз шексіз, -  дейді Жамбыл ЖОББ мектеп-балабақшасының 9-сынып оқушысы, «Жас Ұлан» ұйымының мүшесі Әйгерім Бауыржанова.

 

Райымбек Абаев

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

                                                                            

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале