Жеңіл салмақтағы аруымыз Алуа Балқыбекова Италияда өтіп жатқан әлемдік лицензиялық турнирдің ширек финалына шықты.
Фото: t.me/olympickz/7423
Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті хабарлады.
50 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан аруымыз 1\8-финалда Оңтүстік Корея елінің өкілі Джухюнг Чонмен кездескен Алуа 4:1 есебімен жеңіске жетті. Енді Олимпиада лицензиясына бір қадам. Ертең жерлесімізді ширек финалдық жекпе-жек күтіп тұр.