Бокстан лицензиялық турнирде Қазақстан қоржынына алғашқы жолдаманы Айбек Оралбай салды. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті хабарлады.
92 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Айбек Оралбай ширек финалда америкалық Джамар Таллимен кездескен болатын.
Жекпе-жек толығымен Айбектің басымдығымен өтіп, қазақстандық боксшы 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Қазақстан ерлер командасы Париж Олимпиадасының екінші жолдамасына ие болды.
Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Сәкен Бибосынов Бусто-Арсициода өтіп жатқап лицензиялық турнирде Париж Олимпиадасының жолдамасын иеленді.
51 келіде сынға түскен Сәкен Бибосынов ширек финалда ұлыбританиялық Кириан Макдонльды 4:0 есебімен ұтты.
Фото: olympic.kz
Осылайша, Сәкен өзінің спорттық мансабындағы екінші Олимпиадасына аттанады. 2020 жылғы Токио Олимпиадасында Бибосынов қола жүлдегер атанған болатын.
Бокстан Италияда өтіп жатқан лицензиялық турнирде Махмұд Сабырхан Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды.
57 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Махмұд ширек финалда тәжікстандық Ашрор Вахидовты 4:1 есебімен жеңді.
Қазақстандық боксшы өзінің тұңғыш Олимпиадасына жолдама алғанын естеріңізге саламыз.
Бокстан Қазақстан командасының капитаны Асланбек Шымбергенов Париж Олимпиадасының жолдамасын ие болды.
Ширек финалда Асланбек әзірбайжандық Сархан Алиевті жеңді. Есеп - 5:0.
Төрешілер Шымбергеновтің басымдығын мойындап, қазақстандық боксшы өзінің тұңғыш Олимпиадасына жолдама иеленді.
Бокстан Қазақстан ерлер құрамасына алтыншы жолдаманы Нұрбек Оралбай алды.
80 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрбек Оралбай ширек финалда ирландиялық Киллиан Кессидимен жұдырықтасып, жеңіске жетті.
Есеп - 3:2.