Үкімет баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҚР Экология министрлігінің басшысы қалдықтарды қайта өңдеу жобаларына тоқталды.
Фото: t.me/KZgovernment
«Экология және табиғи ресурстар министрлігінің жанынан құрылған жобалық топ 232,2 млрд теңгені құрайтын 94 жобаны іріктеп алды. Жобаларды жүзеге асыру жол төсемдері, люктер, қоқыс жәшіктері, шыны ыдыстар, стрейч пленкалар, көлік бамперлері және басқа да халық тұтынатын тауарлар сияқты дайын өнімдерді шығаруды жолға қояды. Өңірлермен қуаттылығы жылына 3 млн тоннадан астам сұрыптау желілерін салу және жаңғырту бойынша 49,2 млрд теңгеден астам 21 жоба әзірленді, оның 10 млрд теңгеге жуығы жеке инвестициялар», — деді Ерлан Нысанбаев.