12.03.2024, 15:45
Оқылды: 50

Орал тұрғыны екі өлшемді цифрлық таңбасы жоқ темекіні қомақты сомаға сатқан

Орал тұрғыны екі өлшемді цифрлық таңбасы жоқ шетелде өндірілген темекіні қомақты сомаға сатқан. Бұл туралы қаржы мониторингі агенттігі хабарлады.

97ec0505-bd75-4f71-9168-521aaf342cbb

Фото: t.me/afm_rk

Аталған факті бойынша тергеуді ҚМА-ның Батыс Қазақстан облысындағы департаменті аяқтады.

Заңсыз темекі өнімінің жалпы саны 94 миллион теңгеден асатын 136 мыңнан астам қорапты құрады.

Аталған азамат 2023 жылдың мамыр айында Біріккен Араб Әмірліктері мен Германияда өндірілген екі өлшемді цифрлық белгісі жоқ түрлі маркадағы темекі өнімін сатып алғаны анықталды.

Бұл ретте ол екі өлшемді цифрлық таңбасы жоқ темекі өнімдерінің айналымына тыйым салатын «Темекі бұйымдарын өндіру мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңының және Салық кодексін бұзып, аталған өнімдерді Оралдағы әр түрлі сауда орынында өткізген.

Сот оны қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесті. Ал айғақтар мемлекет кірісіне айналдырылды.❗️

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале