Бұл наурыз бұрынғыдан өзгерек. Иә, расымен де биылғы наурыз мерекесі ерекше тойланады деп күтіліп отыр.
Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте БҚО Қоғамдық даму басқармасының басшысы Гүлжанар Шүкеева айтты.
Гүлжанар Болатқызының айтуынша, биылғы наурыз мейрамын тойлау 14 наурыз күнгі көрісу айт мейрамынан басталып 22 наурыз күні әз-Наурыз мейрамына ұласады.
-Наурыз – ағайынды бауырмалдыққа, көрші-қолаңды татулыққа шақыратын береке-бірліктің мерекесі. Бұл мейрамды халқымыз тұтас ел болып, бір ұлт болып түгел тойлайды. Яғни, Әз Наурыз – нағыз халықтық мейрам. Бауырмалдық, жанашырлық, сыйластық, отаншылдық сияқты қасиеттер осы ұлық мерекеде көрініс тапқан. Біз – ата жолын жалғаған жұртпыз» - деп Наурыздың идеологиялық рөлін атап өткен болатын Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев,- деді облыстық Қоғамдық даму басқармасының басшысы Гүлжанар Болатқызы.
Жанат Көшкінбай,
zhaikpress.kz