13.03.2024, 9:00
Оқылды: 26

Қазақстан құрама командасы XX қысқы Сурдлимпиадада шахматтан қола жүлде жеңіп алды

Қазақстан құрама командасы XX қысқы Сурдлимпиадада шахматтан қола жүлде жеңіп алды.

Бұл туралы туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

IMG_20240313_081602_670                          

XX-шы қысқы Сурдлимпиадада Қазақстан ерлер құрама командасы классикалық шахматтан 10 ұпай жинап, қола медальға ие болды. Ал жарыстың алтын жүлдесін 12 ұпай жинаған Хорватияның спортшылары жеңді, күміс медаль 11 ұпай жинаған Польша командасына бұйырды.

IMG_20240313_081551_564

Ұлттық құрама сапында Сұлтан Қожахметов, Самажан Кеттебеков, Максим Рожков, Амангелді Наурызғалиев, Мейрман Пернеев және Виктор Максименко  ойнады.

IMG_20240313_081548_101

«Классикалық шахматтан жарыс қызу өтті, қарсыластарымыз осал болмады. Ойын барысында еліміздің спортшылары Италия, Германия және Сербия құрама командаларын жеңіп, Украина мен Польша командаларымен тең ойнап, тек Хорватия командасына есе жіберген болатын. Жарыстың нәтижесінде командамыз 7 турдан өтіп, он үш команда арасында үшінші орынға тұрақтады», - деді шахматтан аға жаттықтырушы Елдос Күзербаев.

Айта кетейік, XX-шы қысқы Сурдлимпиада Түркияның Эрзурум қаласында 2-12 наурыз күндері өтті. Жарысқа Қазақстан атынан 26 спортшы (шахматтан, сноубордтан және шаңғы жарысынан) қатысты.

t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале