Қарағанды қаласында ММА спорты түрінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Аталмыш жарыста 70 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен тасқалалық Қадырбек Шинбаев ел біріншілігінің жеңімпазы атанды. Аудан спортының мәртебесін көтеріп, әлем чемпионатына жолдама алды.
Қадырбектің жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жеңіске жетуіне бірден бір себепкер болған алғашқы жаттықтырушысы Айбек Шинбаевтың еңбегін айта кеткен жөн.
Болат Бек,
Тасқала ауданы
zhaikpress.kz