Жамбыл облысы, Тараз қаласында қол күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өткен болатын. Аталмыш дүбірлі додаға он тоғыз командадан мыңға жуық спортшы қатысты.
Шымкент, Алматы, Астана, Атырау қалалары, Ақмола, Абай, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Жетісу, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ұлытау, Жамбыл, Павлодар облыстарымен сынға түскен Батыс Қазақстан облысының құрама командасында Жәнібек ауданының спортшысы болды. Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында арасында 90 келі салмақта Миржан Мұстафин Қазақстан Республикасы чемпионатының күміс жүлдесіне ие болды.
Иран мемлекетінде өтетін Азия және Молдова елінде өтетін Әлем чемпионатына жолдама алды. Осындай жетістікке жетелеген қол күресінен ұлттық спорт төрешісі Марал Төлешовтың еңбегі зор.
Әлібек Қаржау,
Жәнібек ауданы