15.03.2024, 9:30
Оқылды: 149

Қазақстанның топ-20 дестинациясы: Түркістанда қайда баруға болады?

Туризм және спорт министрлігі туристік бағыттардың санын 10-нан 20-ға дейін кеңейтті. Бүгінгі таңда Қазақстанның әрбір өңірінде зәкірлік жобалар жүзеге асырылатын басым туристік аймақтар анықталды.

Бұл туралы туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

InShot_20240314_102527349

Фото: t.me/Turizm

Ішкі туризм ағынының қарқынды өсуін ескере отырып, Министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп туристік орындардың инфрақұрылымын дамыту жоспарын әзірледі. ТОП 20 туристік бағыттың бірі – Түркістан қаласы.

Түркістан – Қазақстанның ең көне қалаларының бірі. Еліміздің оңтүстігінде, Шымкент қаласынан солтүстік-батысқа қарай 160 шақырым жерде орналасқан. Түркістан облысының әкімшілік орталығы.
Орта ғасырларда қала исламның дамуы мен таралу орталығы болды. Кейіннен Түркістан Қазақ хандығының астанасына айналды. Содан бері қала бүкіл түркі мемлекеттерінің рухани орталығы, зиярат пен рухани дамудың орны ретінде үздіксіз дамып келеді. Қалың жұртшылық қаланы екінші Мекке деп те атайды.

Түркістан ресми түрде түркі әлемінің рухани астанасы болып танылды, сонымен қатар 2024 жылғы түркі мемлекеттерінің туристік астанасы болып жарияланды. Соның аясында 2024 жылы қалада халықаралық және республикалық ауқымдағы 100-ден астам іс-шара өтеді.

Түркістан облысы тарихи-мәдени және рухани сәулет ескерткіштеріне бай өңір. Өңірдегі туристтер ең көп баратын көрнекті орындардың қатарында Қожа Ахмет Яссауи кесенесі (Әзірет-Сұлтан кешенінде), Керуен-Сарай кешені, Арыстан баба кесенесі, Гауһар ана, Үкаша ата кесенесі мен құдығы, Ақмешіт киелі үңгірі және т.б. бар.

Қалада Ыстамбұл, Кувейт және Абу-Даби сияқты шетелдік қалалармен әуе қатынасын орнатқан Әзірет Сұлтан халықаралық әуежайы жұмыс жасайды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале