Ақжайық ауданының білім саласында еңбегі сүбелі Абай атындағы мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әсел Ерментаева Астана қаласында Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың қабылдауында болып, «Ыбырай Алтынсарин» атындағы төсбелгімен марапатталды.
Әсел Сатқанқызы — «педагог-шебер» санатты мұғалім, республикалық «Үздік педагог» конкурсының, өзге де шығармашылық байқаулардың жеңімпазы. Шәкірттері республикалық, облыстық, аудандық сайыстарда жүлдені иеленіп, ұстазының мерейін асыруда.
Әсел Сатқанқызы еңбек ететін Абай атындағы мектеп-гимназия ұжымы талай мұғалімнің шеберлігін шыңдап, дарынды шәкірттердің биікке самғауына қолдау жасап келеді.
Әлия Сапарғалиева,
аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі
Ақжайық ауданы