Биыл еліміздегі 1200-ден астам мектепте жаңа пәндік кабинеттер жасақталады. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
2024 жылы 20 өңір бойынша 708 мектепте 1206 заманауи пәндік кабинет ашу жоспарланған. Жаңа кабинеттер робототехника, химия, биология және физика бағытында болады. Олар оқушылардың білім сапасын арттыруға және түрлі пәндер бойынша білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.