15.03.2024, 12:00
Оқылды: 94

Ұлттық құрылтайда білім және ғылым саласындағы маңызды мәселелер талқыланды

Атырауда Ұлттық құрылтайдың III отырысы басталды. Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарлауынша, бүгін отырыстың бірінші күні төрт тақырыптық секция өтті. «Азаматтық қоғам», «Мәдениет. Өнер. Руханият», «Білім және ғылым», «Әлеуметтік-экономикалық және аймақтық даму».

fba50100eb4710a3bfef7c30f42a1860_1280x720

Мемлекет басшысы Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда: «Былтыр Ұлытауда, биыл киелі Түркістанда бас қосып, елдік мәселелерді талқыладық. Ел тарихында айрықша орны бар тағы бір аймақ – Атырау облысы. Ондағы әйгілі Сарайшық қаласында атақты хандарымыз ордасын тіккен. Мен Ұлттық құрылтайдың келесі отырысын осы шежірелі аймақта өткізуді ұсынамын» деген болатын.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек модератор болған «Білім және ғылым» секциясының отырысына белгілі қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, ғалымдар мен сарапшылар қатысты. Саладағы өзекті мәселелер мен оларды шешу жолын ортаға салған жиында Саясат Нұрбекұлы Құрылтайда айтылған ұсыныстардың орындалу барысына тоқталды.

255f5d4514463af061e68e20a5c20589_1280x720

«Атап айтсақ, қазақ тілін ғылым тіліне айналдыру бағытындағы іс-шаралар жүйеленіп, қазақ тілінде шығатын ғылыми мақалаларды ынталандыру үшін қаржылай қолдау механизімі қарастырылып отыр. Жаһандық медиа нарығының талабына сай болу үшін ғылыми журналистиканы дамыту, ұлттық масс-медиа саласында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру бағытында жаңа жобалар қолға алынады. Әлемдегі жоғары оқу орындары мен студенттерге арналған «Coursera» курстар платформасын қазақ тіліне аудару, елімізде сейсмолог мамандығын қайта жаңғырту, университетаралық серіктестікті жаңа деңгейге көтеріп, білім грантын көбейту, түлектердің жұмысқа орналасуы, орта мектеп оқулықтарының жағдайына қатысты мәселелер шешімін табады», - деп атап өтті министр.

Секциялық отырысқа қатысқан сарапшылар ғылымды дамыту, коммерцияландыру, таланттардың тұрақтауы, әлемдік ғылым мен білім жетістіктеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету, ҚР Оқу-ағарту министрлігімен бірігіп, оқулықтардың ғылыми базасын, сапасын қамтамасыз ету секілді басқа да маңызды мәселелерді көтерді.

Фото: www.gov.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале