15.03.2024, 16:10
Оқылды: 29

Батырхан Төлеуғали Париж олимпиадасына барады

Бұл туралы туризм және спорт министрлігі хабарлады.

0bd02be2-bffd-4a2d-9fc5-a5cac355fa34

Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

Батырхан Төлеуғали Тайань қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде Париж олимпиадасының жолдамасына қол жеткізді. Ұлттық құрамадағы ең жас таеквондошы шешуші айқаста Сауд Арабиясының өкілі Әли Мабрук әл-Мабруктан басым түсті. Есеп: 2-0.

Сәл ертеректе Батырхан алғашқы жекпе-жегінде Акшай Худаны (Үндістан) айқын басымдықпен ұтқан.

Бұл таеквондодан Ұлттық құраманың алғашқы жолдамасы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале