Бүгін Наурыз мейрамының екінші күні "Қайырымдылық" аясында Талдыапан ауылдық округі әкімшілігінің ұйымдастыруымен "Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресін" атты шара өтті.
Ауыл тұрғыны, зейнеткер, 3-топ мүгедегі Света Бисембаева апамыздың мал азығын (шөп) босатып және жалғызбасты ана Салтанат Хафезова апаның ауласын ауыл азаматтары мен бірге тазартып берді.
Іс-шара Талдыапан ауылдық округінің бас маманы Ержан Омарғалиевпен бірлесе отырып ұйымдастырылды.
Гүлнұр Бөлешова,
Казталов ауданы