16.03.2024, 9:08
Оқылды: 112

Қайырымдылық жасау – қанымызда бар қасиет

Наурыз – мейірім мен қайырымдылық мерекесі. Наурызнаманың жоспары бойынша 15 наурыз Қайырымдылық күні болып бекітілді.

IMG-20240316-WA0039

Наурыз мейрамын тойлаудың жаңартылған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында "Қазақстан Халқына" қоғамдық қоры Қазақстанның барлық өңірінде "Жаздық жолдама - 2024" қайырымдылық жобасын бастап отыр. "Жаздық жолдама" жобасы жазғы демалыс кезінде 5-8 сыныптардың 20 мың оқушысы үшін зияткерлік және шығармашылық дамуы мен демалысты қамтамасыз етеді. Бұл қайырымдылық жобасы оқуда үздік көрсеткіштерге және қоғамның өміріне белсене қатысатын оқушыларын қолдауға және ынталандыруға бағытталған.

IMG-20240316-WA0006

"Жаздық жолдама" сертификатын Янайкин ауылдық округінің әкімі Сәуле Аккаирова мектеп директоры Ж.Сабыровқа салтанатты түрде табыстады.

Сонымен қатар атаулы мейрам күні Т.Бигелдинов мектебінде "Қайырымдылық бұрышы" ашылды. Мұнда мектеп оқушыларына Наурызнаманың келесі мерекесінің мақсаты түсіндіріліп, қайырымдылықты нәсихаттайтын бейнежазбаларды көрсету арқылы ой алмасу жүргізілді. Мақсаты – оқушылардың бойына қайырымдылықтың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру. Қайырымдылық бұрышына оқушылар өздерінің қалауларынша ойыншықтарын қояды. Қайырымдылық бұрышынан жиналған ойыншықтар Көшім ауылындағы балалар үйіне табысталды.

IMG-20240316-WA0009

Сонымен қатар мектеп оқушыларынан құрылған "Адал ұрпақ" еріктілер тобы ауылдың жалғызбасты қарияларының үйіне барып, көрісіп, тәттілерін тарту етті.

IMG-20240316-WA0005

Салтанат Зұлқарнаева,

Бәйтерек ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале