16.03.2024, 10:38
Оқылды: 81

Бөкей ордасы ауданы: шәкірлік шәкірттер тосынсый жасады

Бөкей ордасы ауданы Ұялы ауылындағы Шәкір Жексенбаев атындағы мектебі директорының орынбасары Айдос Меңдіғалиев бастап, оқушылар парламенті қостап қайырлы іс қылды.

IMG-20240315-WA0221

Жас ұландардың ұйымдастыруымен жәрмеңке өтті. Қыз балалар өз қолдарымен пісірілген тәттілерді жәрмеңкеге шығарса, ұл балалар ауыл сыртынан темір-терсек жинап, тапсырып, ақша жинақтаған. Жиналған ақшаға ауылдағы жалғызбасты ана Айдыналиева Сәуле апайымызға ұялы телефон сатып алып берді. Зейнеткер апамыздың телефоны сынып қалған екен.

- Сәуле апайға бұл телефонды бір кездері жақсы бір таныстары берген екен. Су жаңа емес. Бірақ соның өзін лекерлеп, 2016 жылдан бері ұстап келді. "Жөндеп берші" деп әкеп берген. Бірақ жөндеуге келмеді. Содан бері апамыз байланыссыз қалған еді. Жас ұландықтар жәрмеңке өткізіп, апамызға мұқтаж затын алып берейік деп шешті, - дейді ұстаздары Айдос Рақымұлы.

- Мектеп оқушылары маған тосынсый жасады. Телефоным жөндеуге келмей қалып еді. Қазір шаруаның бәрі осы құйттай ғана телефонға тіреліп тұр ғой. Балаларыма, олардың ұстаздарына алғыстан басқа айтарым жоқ.

Ал ұлдар жинаған ақшаларына мүмкіндігі шектеулі Абат Қыдырәліге буфер сыйлады.

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале