16.03.2024, 14:39
Оқылды: 149

Ұмыт болған «үме» дәстүрі

Бүгін Казталов ауданы орталығындағы «Достық» саябағында еліміз бойынша бекітілген «Наурызнама» он күндігінің аясында «Ақбота» балабақша ұжымының ұйымдастыруымен киіз үй тігіліп, ұмытылып бара жатырған «Үме» дәстүрі насихатталды.

IMG-20240316-WA0090

Халқымызда ұмыт болып бара жатқан ұлттық салт-дәстүрлеріміз де жоқ емес. Соның бірі – Үме дәстүрі.

Қырмандағы жұмыстардан сәл демалсын деп, ел болып жиналып ас береді. Үлкен, ауыр, көлемді жұмыстарды ауыл, ру адамдары «бір жеңнен қол шығарып» бас қосып, көпшілік болып, бірігіп атқарады. Әсіресе, қысқы мал азығы үшін жем-шөп дайындағанда мал иесі үмеге шақырады. Қарулы азаматтар орақтарын шыңдап, қайрап іске кіріседі. 20-30 жігіттер қатарласа тұрып, орақ тартады. Үмеге ет асаймыз деген бала-шағалар да, көңіл көтеретін әнші, күйшілер де келіп, өнер көрсетіп, жұрт бір серпіліп қалады. Кейде үлкен Үмелерде жігіттер күреске түсіп, қара жарыстар ұйымдастырған. Көмекке келгендерге берілетін ас «үме» деп аталған. Үме – ұжымдасқан еңбек тойы, мұндай істен ауыл адамдары шет қалмайды. Себебі қазақ халқы үме дәстүрін береке-бірліктің бастауы деп білген.

IMG-20240316-WA0086

Балабақша ұжымы қойған керемет дәстүрді тамашалаған ауыл адамдарының үлкендері дастарханға бата беріп, мерекемен құттықтады. #nauryznamabqo

Гүлнұр Сәуірғалиқызы,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале