17.03.2024, 18:19
Оқылды: 80

Жалпақталда колледж студенттері қайырымдылық акциясын ұйымдастырды

Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжінің еңбек ұжымы ауылдағы «Атамекен» демалыс орталығы алаңында еліміз бойынша бекітілген «Наурызнама» он күндігі аясында ауыл тұрғындарына арнап «Көрісу күні — Амал мерекесі» шарасын ұйымдастырып, көрісуге келген қонақтарды мерекелік көңіл-күймен қарсы алып, колледж студенттерімен «Бауырсақ – RACE» сайысын өткізді.

111

Сайыс ережесінің кезең-кезеңмен әр топ студенттері мерекелік дастарханға дайындаған мол бауырсақтарын бірге қосып таразыға өлшеп, бір келі бауырсаққа - 10 ұпай, «Жарапазан» айтып, «Қара жорға» билеп әр қайсысынан 10-ұпайдан жинап, «Ұлттық дода» сұрақ-жауап сайысына белсене қатысты. Сонымен қатар олар «Ұлттық киімді ұлықтаудан», «Бауырсақ-PARTY» көрмесінен де он ұпай жинап, ауыз бекіткен ауыл тұрғындарымен көрісіп, бауырсақ, көже таратып қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Барлық кезеңде жалпы ұпай санының есебімен ІІ курстағы 3 топ – жүлделі І орын, І курстағы 7 топ – жүлделі ІІ орын, ІІІ курстағы 5 топ - жүлделі ІІІ орынды жеңіп алып, мерекелік дипломдармен марпатталды. Ән-жырдан шашу шашылып, ел дәстүріне етене енген батыс өңірінің «Көрісу күні - Амал мерекесі» шараларын жоғары дәрежеде ұйымдастырып өткізді.

112

-Көрісу – қазақ халқының өскелең ұрпақты ізеттілік пен мейірімділікке, ауызбіршілік пен кішіпейілділікке, татулық пен бауырмалдыққа бастайтын ерекше мейрамдардың бірі. Бұл күні кейінгі буын өкілдері жасы үлкен адамдарға арнайы барып, үлкен әулет мүшелеріне амандық-саулық тілеп, үй-үйді аралап, көріседі.
Сондықтан ұлттық құндылықтарымызды жасөспірімдер санасына сіңіру мақсатында Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжінде осындай үлкен шараны ұжым болып жүзеге асыруға шешім қабылдадық. Төл мерекемізге айналған «Көрісу күні» мейрамы құтты болсын, - дейді колледж директорының міндетін уақытша атқарушы Дәурен Мақсотұлы.

Қыдыр Харесұлы,
Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале