Наурызнаманың төртінші күні "Шаңырақ" күніне орай Тасқала аудандық мәдени демалыс орталығында отбасылық "Қара шаңырақ" атты лирикалық кеш өтті.
Аталмыш шара "Amanat" партиясының "Бақытты отбасы" жобасы аясында жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, ішкі саясат бөлімінің қолдауымен жүзеге асты. Оған отау құрғандарына 50 жыл болған Ақтаулық Арыстановтар мен 25 жыл болған тасқалалық Сарсенғалиев пен Аюповтардың отбасылары қатысты. Шараның мақсаты – өнегелі отбасыларды кейінгі ұрпақка насихаттау.
Кеш барысында кейіпкерлер отбасылық өмірлерінен әңгіме өрбітіп, шаңырақты шайқалтпай ұстап қалудың қыр сырымен бөлісті. Жаңадан шаңырақ құрған жастарға игі тілектерін білдірді.
Шара соңы батагөй Жұмагелді ақсақалдың ақ батасымен аяқталды. Әншілер әннен шашу шашып, кешке арнайы қатысқан аудандық мәслихат төрағасы Жанар Бисенғалиева мен "Amanat" партися Тасқала ауданы филиалының төрағасы Л.Жұбанышқалиева сөз сөйлеп, игі тілектерін білдірді.
Назгүл Серікқызы,
Тасқала ауданы