17.03.2024, 17:11
Оқылды: 53

Казталов ауданы: отбасы құндылығы дәріптелді

Бүгін Жалпақтал ауылындағы дәстүрлі өнер орталығында отбасы құндылығы аясында Жалпақтал полиция бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Шаңырақ» атты шара өтті.

20240317_122730

Еркін сұхбат негізінде өрбіген дөңгелек үстелге бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешіп, отау құрғандарына 15 жыл толған Жалпақтал полиция бөлімінің бастығы Дастан Искалиевтің отбасы құрметпен шақырылып, сыр сұхбат жүргізілді. Шараға Жалпақтал ауылдық әйелдер Кеңесінің төрайымы Гүлнәр Сапахова мен Жалпақтал полиция бөлімінің жеке құрамы қатысты.

20240317_123906

Отбасы — тәлім мен тәрбиенің, мейірімділік пен адамгершіліктің үлкен үлгісі. Адамның өмірге келгеннен кейінгі бар тіргішілігі отбасында өтеді. Бүгінгі ұл мен қыз — ертеңгі өнегелі әке, ақылшы ана болары хақ.

Сондықтан еліміз бойынша бекітілген наурызнама онкүндігімен ұштасқан бүгінгі тәрбиелік мәні зор шарада подполковник шеніндегі бөлім бастығы Дастан Талапұлы аталмыш шараны айтарлықтай етіп ұйымдастырып отырған әріптестеріне ризашылығын білдіріп, бір шаңырақ астында 15 жыл тату-тәтті ғұмыр кешкен отбасы мүшелерін шара қонақтарымен таныстырды.

- Отбасында көрген жақсылы-жаманды қылықтардың бәрі сол отбасындағы баланың өміріне үлкен әсер ететіні сөзсіз. Қазақ салтында отбасы дәстүрі ерекше бағаланады. Сондықтан да «Отан отбасынан басталады» деп бекер айтылмаса керек. Балаларымыздың бойына сіңген ізеттілік — дөрекілікке, қайырымдылық — қатыгездікке, адалдық — арамдыққа ауыспасын. Ұрпақ алдыңдағы Ұлы міндетімізді ұмытпай жүрейік, - деді Дастан Талапұлы жиналғандар алдында.

20240317_125607

Иә, әр адам өзінің ұрпағынан ел сүйсінер ұлы істерді тындырса екен деп мақсат тұтары анық. Сол мақсат ұрпақтар сабақтастығының қазынасы болып қалыптаса берсін дейміз.

Тәрбиелік мәні зор шара барысында әдемі әндер айтылып, шара қонақтары естелік суретке түсті.

Қыдыр Харесұлы, 

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале