Бүгін Наурызнама онкүндігі аясында ұлттық спорт күніне орай Сырым аудандық «Қайсар» спорт клубында дәстүрлі садақ ату және асық атудан ересектер арасында аудан біріншілігі өтті.
Сайысқа қатысушыларға аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов сәттілік тіледі.
Сайыс нәтижесінде, садақ атудан ерлер арасында ІІІ орынды Ислам Серік, ІІ орынды Мұрагер Сейіткерей, І орынды Мұрат Лұқпанов иеленсе, әйелдер арасында Закира Жолсарина І орынға, Айкөркем Тұрланова ІІ орынға, Гүлайым Лұқпанова ІІІ орынға табан тіреді.
Асық атудан І орынға Әсет Нығмет, ІІ орынға Ержан Чукуров, ІІІ орынға Диас Қапашев лайық деп танылды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге диплом мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы