Сырым ауданында А.Шайхиев атындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» атты ұлттық спорт күніне арналған 2011-2012 жылы туылған жасөспірімдер арасында қазақ күресінен аудан біріншілігі өтті.
Ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Артур Шерғалиев, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Арман Ғұмаров сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарысқа Бұлан, Жетікөл, Жымпиты, Көгеріс, Көздіғара, Өлеңті, Сарой ауылдарынан жалпы 7 командада жас палуандар белдесті.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге диплом мен медаль табыс етілді.
А.Амангелдина,
Сырым ауданы
#nauryznamabqo