«Наурызнама» онкүндігінің соңғы күні экологиялық науқанға арналған. Бұл күні еліміз бойынша барша халық айналаны қоқыстардан тазарту үшін жиналады. Осыған орай бүгін Жәнібек ауданында сенбілік өтті.
Барлық аудан тұрғыны бір кісідей атсалысып, орталық алаңда, көшелерде, әр мекеме аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді. Бұндай науқанды тек арнайы бекітілген күндері ғана емес, басқа уақыттары да жалғастыру керек-ақ. Өйткені қоршаған ортаны, табиғатымызды таза ұстау, аялау һәм оған жауапкершілікпен қарау – әр адамның парызы.
Айсұлу Жұмабай,
Жәнібек ауданы