Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған «Музейдегі Наурыз» жобасы аясында жылды қорытындылау мақсатында «Дәстүр тағылымы» атты мерекелік шара өткен болатын.
Жыл басы болып саналатын Наурыз мерекесінде музейдің 2023-2024 жылдағы атқарылған жұмыстары мен музей қызметкерлерінің жұмыс нәтижелерін қорытындылау дәстүрге айналған. Мерекелік шараның шымылдығын БҚО тарихи-өлкетану музейінің директоры Мирболат Ерсаев құттықтау сөзімен ашты. Содан соң жыл үздіктерін марапаттады.
Музей саласына сіңірген еңбегі үшін салалық кәсіподақтың «Еңбек даңқы» төсбелгісін Жәнібек аудандық музей бөлімінің меңгерушісі Меңдігүл Фазыловаға табыстады.
Әлібек Қаржау,
Жәнібек ауданы