Күннің жылынуына, қарғын судың ағынына байланысты Бәйтерек ауданы Щапов ауылында да су тасқынының алдын алу бағытында шаралар қарқынды жүріп жатыр. Соған орай көшелердегі қар шығарылып, арықтар тазартылды.
Ауыл әкімі Біржан Нұрбайыровтың сөзіне қарағанда, ауылдағы суда қалу қауіпі бар деген Бәйтерек, Абылай хан, Нарын көшелерінде қажетті іс-шаралар жүзеге асқан. Бүгінгі таңда ауылдан 2120 метр куб қар шығарылып, мұндағы 350 м арық тазартылды.
- Төтенше жағдай болған жағдайда үш мотопомпа сынды құрал-саймандарымыз дайын. Қажет болған жағдайда ауылдағы «Дана» дүкенінен азық-түлік жеткізу туралы келісім бар. Ал әзірге төніп тұрған ешқандай қауіп жоқ, жағдай бақылауда, - дейді ауыл әкімі Біржан Төлегенұлы.
Салтанат Зұлқарнаева,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz