26.03.2024, 14:45
Оқылды: 45

Қазақстандық терминалдан Сиань портына алғашқы контейнерлік пойыз жолға шықты

Бұл туралы көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында еліміздің көлік министрі Марат Қарабаев контейнерлік пойыздарды жөнелту және өңдеу көлемі бойынша Қытайда бірінші орындағы Сиань қаласының халықаралық құрғақ портына барды.

710eb78b041816c683d8505694b5bb4b_1280x720

Құрғақ порт аумағында қуаттылығы жылына 66.5 мың ЖФЭ (жиырма футтық эквивалент) қазақстандық терминал іске қосылды. Министр кәсіпорын ұжымымен кездесіп, Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша қазақстандық терминалдан алғашқы құрама пойыздың жөнелту рәсіміне қатысты.

86db6b3c08ddf4e31d964406510d23b9_1280x720

Сиань қаласына сапарын қорытындылай келе, министр қазақстандық және қытайлық бизнес өкілдерімен бірқатар кездесу өткізді.

395963c71c54f4023d411d49744bb3ee_1280x720

Фото: gov.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале