27.03.2024, 11:30
Оқылды: 50

Қоғамдық кеңес отырысы өтті

Бүгін Жаңақала ауданында қоғамдық кеңес отырысы өтті.

PHOTO-2024-03-27-10-19-19

Аудандық қоғамдық кеңес отырысына тиісінше Қуат Имашев төрелік етіп, бөлім басшылары және кеңес мүшелері қатысты. Күн тәртібі бойынша жеті мәселе қаралған болатын. Ауа райының қолайсыздығына байланысты Бірлік ауылдық округінің әкімі Ерболат Жақашев атқарған жұмысының есебін «ZOOM» платформасы арқылы онлайн хабарлап берді.

Әрі қарай Азат Мұқанов аудандық ішкі саясат бөлімінің жұмысы туралы, Даурен Мерешов жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының атқарылған есебі жөнінде баяндап, қоғамдық кеңес мүшелері ұсынысын айтып, алдағы уақыттағы атқарылатын жұмысқа мұқият қарауды ұсынды.

Жаңақала АПб ЖПҚб бастығы, полиция майоры Әлихан Ізбанов аудандық ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметінің атқарылған жұмыстың есебін беріп, ауданішілік бейнебақылаукамералардың көбі істен шығып тұрғанын хабарлады. Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының м.у.а Қайсар Нұғмановтың 2024 жылы бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы баяндамасы тыңдалып, талқыға салынып, шешім шығару кейінге қалдырылды.

Аудан әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметі және құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы Надежда Тасмағамбетова аудан аумағындағы жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Абат Ишанов аудан бойынша коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасын бекіту туралы хабарлама  жасап, шешім жобаларына ұсынымдар берілді.

Жиын барысында сұрақтар қойылып, тиісінше жауаптар берілді. қорытындыланды.

Ақерке Мәлікқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале