27.03.2024, 11:41
Оқылды: 1119

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс – қызмет туралы ережеге және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарына сәйкес 2024 жылғы ақпанда "Жайық Пресс" ЖШС  шаруашылық бөлімде тексеру жүргізілді.

калам

Тексеру кезінде шаруашылық бөлім қызметінде бірқатар кемшілек анықталды.

Атап айтқанда, шаруашылық бөлімі туралы ереже әзірленбеген,  сондай-ақ концелярлық, шаруашылық тауарлардың, жуғыш заттардың шығын нормалары, беру тәртібі мен есептен шығару мерзімдері жоқ болып шықты.

Аудаңдық филиалдарының жүргізушілермен, күзетшілермен, жүйелік әкімшімен толық материалдық жауапкершілік туралы келісім-шарттар жасалмаған.

Бөлімде жанар жағар май беру механизмі, нормаларды сақтау және есептен шығару тәртібі сақталмаған.

- бензинді материалдық бухгалтер жүргізушілерге есеп айырысусыз береді, әсіресе іссапарға шыққанда. Бензин нақты шығын бойынша емес, алынған бензин есептен шығарылады. Нәтижесінде спидометрдің нақты көрсеткіштері есептілікпен сәйкес келмейді.

-экономист әзірлеген серіктестік нормалары, түсініксіз, дерексіз, серіктестіктің қолда бар автомобильдеріне нақты емес, ұсынымдық сипатта жасалған, бұл мүдделі тұлғаларды әр түрлі түсіндіруге әкеледі.

Анықталған бұзушылықтар, шаруашылық заттарды, бензинді белгіленген нормалардан тыс есептен шығару серіктестіктің бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына әкеп соғады, сондай-ақ жауапты тұлғалардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына ықпал ететін жағдайлар мен мүмкіндіктер туғызады.

"Жайық Пресс" ЖШС сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі туралы ереженің негізінде 20-тармақ. пп.3 "комплаенс-офицер бас директорды сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзудың болуы немесе ықтимал мүмкіндігіне байланысты кез келген жағдайлар туралы уақтылы хабардар етеді", сондай-ақ т. 14.17. анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, серіктестіктің ішкі процестерінің тиімділігін арттыру бойынша төмендегі ұсынымдар енгіземін:

  1. Серіктестіктің шаруашылық бөлімі туралы ережені әзірлеу қажет, өйткені бөлім штат саны бойынша ең үлкен (15,5 адам), ұйымның тіршілігін қамтамасыз етудің әртүрлі функционалдық міндеттері бар.
  2. Филиалдардың автокөлік жүргізушілерімен, күзетшілермен, серіктестіктің жүйелік әкімшісімен толық материалдық жауапкершілік туралы шарт жасау қажет.
  3. Қозғалысты ұйымдастыруға, серіктестікте ЖЖМ беруге және есептен шығаруға комиссиялық тексеру тағайындалсын немесе аудиторлық тексеруге тартсын.
  4. Жіберілген қателерді түзетудің тиісті шаралары қабылдансын.
  5. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін барлық себеп мен жағдайды ішкі бақылау шаралары жүйесі әзірленсің және қолдансың.

 

Ш. М. Мұқашев,

Комплаенс-офицер

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале