27.03.2024, 15:15
Оқылды: 74

Наурыз мейрамы күндері 163 адам жауапқа тартылды

Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі айтты.

Полиция ЖП

21-25 наурыз күндері БҚО полиция департаментінің жеке құрамы күшейтілген режимде жұмыс істеген болатын. Ондағы мақсат қоғамдық қауіпсіздікті бақылау.

- 21-25 наурыз күндері қоғамдық орындарда ішімдік ішкені үшін 163 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көлікті мас күйінде басқарғаны үшін 12 жүргізуші ұсталды. Дәл осы күндері тіркелген 25 қылмыс сол мезетте ашылды, - делінген департаменттің хабарламасында.

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале