27.03.2024, 23:59
Оқылды: 69

Теректі ауданы: көрші ауылдан көмек келді

Бүгін Теректі ауданының Аңқаты ауылы үшін ауыр күн болды. Еріген қар үстіне кеше күні бойы жауған жаңбыр қосылып, көшелерге су толды. Бұру арнасына сыймаған қызыл су ауыл шетіндегі 16 үйге лап берді.

корши көмек++++

Осыдан он бес шақты жыл бұрын Шалқар көліндегі  жер сілкінісінен соң Аңқатыға Рыбцех ауылынан көшіп келгендерге салынған үйлер құламай, су арынына төтеп берді. Дегенмен, еденін су басып, үйелменнің есін алды.

Дереу Аңқаты ауылына жеткен  Теректі ауданының әкімі Әлия Мұханбетжанова құтқару жұмыстарына бас болды. Теректі ауданының төтенше жағдайлар бөлімі, №5 және №8 өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамы, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері, ауыл азаматтары су басқан жерден адамдарды көшіруге кірісті.

корши комек+++

Қайықпен жолға тасымалдап, әрі қарай Аңқаты орта мектебі жанындағы интернатқа орналастырды. Белуардан су кешіп жүріп,  қоралардан мал-құсты шығарып, қауіпсіз жерге жеткізді.

корши комек+

Осындай қиын сәтте көршілес Сарыөмір ауылынан Шалқар көліндегі құтқарушылар қайық, құралымен жетті. Сарыөмірлік жастар әбжіл қимылдап, интернатта пана тапқан көршілеріне азық-түлік жеткізіп берді.

«Көршің жақсы болса – тынысың» деген, көмекке келген көрші ауыл азаматтарына аңқатылықтар алғыс айтып жатыр.

корши комек

Аңқаты ауылында жұмылған азаматтар инженерлік техникамен  су жүру арнасының ернеуін жырып, қызыл суды ауылдан бұру шараларын жасауда.

Камелия Өтеу,

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале