Қалалық көпбейінді ауруханада алғаш рет эпилепсияның фармакорезистентті түрімен ауыратын 2 пациентке вагус нервінің стимуляторын орнату бойынша операция жасалды. Бір науқасқа 10 млн теңге көлемінде қаражат жұмсалатын аталған ота МӘМС қоры есебінен тегін өткізілді.
Пациенттерге кезбе нервке мойын аймағында кішкентай электрод орнатылады, стимулятордың көмегімен нервке әсер ететін және ұстамалар санын азайтатын зарядтар пайда болады.Вагус нервінің электростимуляциясы немесе VNS терапиясы (ағылш. Vagus nerve stimulation) - егер дәрі-дәрмекпен емдеу күттіретін нәтиже бермесе, эпилепсияны емдеудің қосымша әдісі. VNS терапиясы көптеген елдерде көмекші терапия ретінде көрсетілген және мақұлданған, яғни әдіс басқалармен, соның ішінде дәрі-дәрмектермен бірге қолданылады.
Емхананың білікті қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында күрделі және сирек жасалатын операция сәтті өтті.
Енді Батыс Қазақстан облысының пациенттеріне вагус нервінің стимуляторын имплантациялау бойынша эпилепсия кезінде минималды инвазивті және тиімді операциялар қолжетімді болды. Мұндай емдеу әдісін жаппай енгізу біздің отандастарымыздың өмір сүру сапасын едәуір жақсартуға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік медициналық
сақтандыру қоры БҚОФ