29.03.2024, 12:15
Оқылды: 49

Бишімбаев соты. Нүкенованың ағасы мән-жайдың қалай болғанын айтты

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша кезекті сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 a3897921-3a4f-45cc-854f-e99b021e7a2e

Фото: Жоғары соттан

Сотта Айтбек Амангелді соққыға жығылған қарындасы Салтанат Нүкенованың суретін көрсетті.

- 20 наурызда жұмыстағы қызметкерлер үшін тимбилдинг ұйымдастырдық. Сол күні үйге 00:00-лерде келдім. Телефоныма көп қоңырау мен хат келген. Телефонымды ашсам, мына суретті көрдім. Бұл жерде көгерген іздер анық көрініп тұр. Менің ойымша, мұнда жұдырықпен мақсатты түрде соққы жасалған. Мен Салтанаттың (еск - Салтанат Нүкенованың) жағдайын көріп шошып кеттім. Ол маған бұл фотоларды жіберіп, хат жазды. Менің бірден оған хабарластым. Түн ортасы болатын, ол қоңырауды көтерген жоқ. Мен уайымдап, Қуандыққа қоңырау соқтым. Қуандыққа “не болып жатыр?”, “неге маған мұндай сурет жіберді?” деген сұрақ қойдым. Ол маған үйдің алдына кел, сөйлесіп, талқылайық деп жауап берді, – деді Айтбек Амангелді.

Амангелдінің сөзінше, Қуандық кіреберіс алдына шықпаған. Кейін 5-ші қабатқа көтеріліп үйге кірген. Онда Бишімбаевтың (еск - екінші некеден) қызы ашқан. Үй ішінде Бишімбаев та, Салтанат Нүкенова да болмаған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале